+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросының отырысы өтті

2019 жылғы 8 қараша 11:11
Бөлісіңіз:
Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросының отырысы өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат төменгі палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Жүргізуші құқығынан айырылғандарға көлік айдағаны үшін айыппұл артады Нұрлан Нығматулин: Қаржы халықтың ең маңызды мәселелерін шешуге жұмсалуы тиіс РФ жалдауынан шығарылған жер телімдері қандай мақсатта пайдаланылады

Алдағы сәрсенбіде Мәжіліс депутаттары ЕАЭО мүше мемлекеттердің қаржы нарығы саласындағы заңнамасын үйлестіру туралы келісімді ратификациялауға қатысты заң жобасын қарайды. Бұл келісім қызмет көрсету секторларында бағалы қағаздар нарығындағы қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензияларды өзара тануды қамтамасыз ету үшін жадайлар жасайды.

Сондай-ақ жалпы отырыста, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы және оған ілеспе заң жобалары екінші оқылымда қаралады деп күтілуде. Ал жұмысқа қабылданатын заң жобалары қатарында мамандандырылған мекемелердің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенцияны, сонымен қатар, тұншықтыратын, улы немесе басқа да ұқсас газдар мен бактериологиялық құралдарды соғыста қолдануға тыйым салу туралы хаттаманы, 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы екінші хаттаманы, 2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы екінші хаттаманы, 2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы үшінші хаттаманы, 2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының құқықтық мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы екінші хаттаманы ратификациялауға қатысты құжаттарды айрықша атап өтуге болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Парламент,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT