+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.77 EUR 427.26
RUB 6.00 CNY 54.56
Jańalyqtar

Нұрлан Нығматулин: Жаңа әліпби - әлем қазақтарын біріктіретін маңызды фактор

2017 жылғы 11 қыркүйек 10:32
Бөлісіңіз:
Нұрлан Нығматулин: Жаңа әліпби - әлем қазақтарын біріктіретін маңызды фактор

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тілдің халықаралық мәртебесін көтеру - біздің әлемдік өркениетке жетуіміздің басты кепілі. Бүгін Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» парламенттік тыңдауда осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін біз мемлекетіміз үшін, халқымыз үшін тарихи маңызы зор жаңа әліпби мәселесін талқылайтын боламыз. Әлемдік тәжірибе бойынша өркениетке, мәдениетке және ғылымға жол салған кез келген мемлекет ең алдымен тілдің дамуына ерекше көңіл бөледі. Осы жолда Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіздік алған күннен бастап қазақ тілін көтеруге назар аударды. Соның нәтижесінде бүгінгі күні қазақ тілінде білім беретін мектептердің саны жетпіз пайызға жетті. Ал 2025 жылға қарай қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілінде сөйлейтін болады. Осының барлығы, соның ішінде латын әрпіне көшу - тіліміздің мәртебесін күшейту жолындағы нақты қадамдар», - деді Мәжіліс төрағасы.

Осы орайда Н. Нығматулин өткен жиырма бес жылдың ішінде экономикамыз өсіп, саясатымыз орнықты болып, халқымыздың жағдайы жақсарғанын, егемен еліміз бүкіл дүниежүзіне танымал болып, «Мәңгілік Ел» болудың дара жолына түскенін қадап айтты.

«Дәл осы кезеңде Елбасымыз ең алдымен рухани жаңғыру міндетін қойып отыр. соның ішінде жаңа әліпбиге көшу - ол өте маңызды мәселе. Біздің ұлттық сана-сезім, рухани даму, өркендеу жолымыз, осының барлығы қазақ тілінің жаңа әліпбиін жасаудан басталады. Себебі Мемлекет басшысы айтқандай, қазақ тілі біздің рухани негізіміз. Осы жолда тілдің халықаралық мәртебесін көтеру - біздің әлемдік өркениетке жетуіміздің басты кепілі. Сонымен бірге жаңа әліпби бүкіл әлем қазақтарын біріктіретін өте маңызды фактор», - деді ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT