Нұрлан Нығматулин Жамбыл облысында болған жол апатына байланысты көңіл айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Жамбыл облысының Қордай ауданында жол апатынан қаза болғандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мәжіліс депутаттарының атынан және жеке өз атымнан Жамбыл облысында болған жол-көлік апатынан қайтыс болған азаматтардың барлығының жақындары мен туыстарына көңіл айтамын. Қаншама адамның өмірін қыршынынан қиған бұл қайғылы жағдай біздің қабырғамызды қайыстырды. Қайғыларыңызға ортақпыз»,-деді Мәжіліс төрағасы.

Нұрлан Нығматулин сонымен қатар осы оқиғаның салдарынан зардап шеккендердің барлығының тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.

Соңғы жаңалықтар