Нұрлан Нығматулин ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының отырысында сөз сөйледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысына видеоконференция режимінде қатысты, деп хабарлайды төменгі палатаның баспасөз қызметі.

Кеңестің кезекті көшпелі отырысы Душанбеде өтуі керек болатын. Алайда, коронавирус індетіне байланысты күн тәртібіндегі мәселелер бейнеконференция режимінде талқыланды.

Отырысқа Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның Парламент спикерлері, сондай-ақ, Сербия мен Ауғанстан Парламентінен ҰҚШҰ ПА бақылаушылары қатысты.

Қатысушылар Парламенттік Ассамблеяның 2021–2025 жылдарға арналған іс-шаралар бағдарламасының жобасын қарады. Отырыста сөз сөйлеген Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин құжат нормативтік-құқықтық базаны кеңейтуге және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіруге бағытталған көптеген тақырыптар мен бағыттарды қамтитынын атап өтті. Бағдарлама жобасы ҰҚШҰ ПА тұрақты комитеттерінде және ұлттық парламенттерде қаралады.

- Модельдік заңнаманы әзірлеу кезінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының ұстанымдары мен мақсаттарын және ҰҚШҰ Жарғысын басшылыққа алып, сондай-ақ, Ұйымға мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамаларын ескеру қажет, - деді Нұрлан Нығматулин.

Сонымен қатар, жиынға қатысушыларға ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің күзгі сессиясының қорытындылары, Ұйымның жауапкершілік аясындағы ахуалы, ұжымдық қауіпсіздікке төнетін қатерлер мен қауіптерге қарсы іс-шаралар және ҰҚШҰ аясында жасалған халықаралық шарттарды ратификациялау туралы ақпарат берілді.


Соңғы жаңалықтар