+7 (701) 759 90 19
USD 421.91 EUR 511.57
RUB 5.59 CNY 65.2
Jańalyqtar

Нұрлан Нығматулин ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының отырысына қатысты

2020 жылғы 30 қараша 16:04
Бөлісіңіз:
Нұрлан Нығматулин ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының отырысына қатысты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Парламенттік Ассамблеясының отырысында сөз сөйледі. Бейнеконференция форматында Кеңес отырысы және ҰҚШҰ ПА он үшінші пленарлық отырысы өтті.

Ұқсас жаңалықтар
Әр заң жобасын талқылаған кезде қоғамның пікірін ескеруіміз керек - Мәулен Әшімбаев Мәжіліс өзге мемлекеттермен қарым-қатынаста Қазақстан мүддесін қорғайтын құжатты мақұлдады

Отырыстарда Ресей Федерациясының ҰҚШҰ-ға 2020 жылы төрағалық ету басымдықтарын іске асыру жөніндегі жұмыстың қорытындылары, сондай-ақ ҰҚШҰ-ның жауапкершілік аймағындағы жағдай және ұжымдық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар туралы айтылды.

Сонымен қатар Парламент өкілдері жаппай қырып-жою қаруының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл, жаңа психобелсенді заттарды мемлекеттік тіркеуге қатысты ҰҚШҰ мемлекеттерінің ортақ тәсілдерін қалыптастыру, сондай-ақ Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың авиациясының халықаралық ұшуларын ұйымдастыру саласындағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсынымдар қабылдады.

Отырысқа қатысушылар ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасын жақындастыру және үйлестіру жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған Қызмет бағдарламасын, сондай-ақ ҰҚШҰ ПА-ның 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин атап өткендей, құжаттар Ассамблеяның нормативтік-құқықтық базасын тереңдету үшін тақырыптар мен бағыттар кеңінен қамтылып, бүгінгі күннің шынайылығын ескере отырып, егжей-тегжейлі пысықталған.

Сондай-ақ, келесі бес жылға арналған бағдарламада ауқымды деректерді қалыптастыру және пайдалану жөніндегі ұлттық заңнаманы дамыту, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, цифрлық қолтаңбалар жасау мәселелеріне қатысты модельдік актілер бар.

Отырыстарға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның парламент және палаталарының басшылары, сондай-ақ Ауғанстан мен Сербия ҰҚШҰ ПА бақылаушы ретінде қатысты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT