+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Нұрлан Нығматулин ТүркПА Бас хатшысымен кездесті

2020 жылғы 17 қыркүйек 10:11
Бөлісіңіз:
Нұрлан Нығматулин ТүркПА Бас хатшысымен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсуповпен кездесті, деп хабарлайды parlam.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Нұрлан Нығматулин: депутаттар білім туралы заң жобасына бастамашы болды Мәжіліс депутаты: жұмыс күші тапшы өңірлерге көшіп барғандарға бюрократиялық тосқауылдар кездесуде Балалардың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Ұлттық жоба әзірлеу керек -сенатор

Кездесу барысында X пленарлық отырысқа дайындық мәселелері талқыланды.

Парламент өкілдерінің форумын өткізу биыл Қазақстанда жоспарланған болатын. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты оны өткізу келесі жылға ауыстырылды. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин келешекте аталған індетке байланысты жағдайдың тұрақтанып, түркітілдес елдердің Парламент өкілдеріне ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен оның перспективалық бағыттарын толық ауқымды форматта талқылауға мүмкіндік болатынына сенім білдірді.

Өз кезегінде ТүркПА Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов Ассамблеяның қызметі туралы хабардар етіп, оның жұмысы қазіргі жағдайларға бейімделгенін атап өтті.

Мәселен, ТүркПА-ға мүше Парламент депутаттары, ең алдымен, денсаулық сақтау саласы мәселелері бойынша өзара белсенді іс-қимыл жасауда. Жүздесу барысында тараптар түркітілдес елдер парламентшілерінің кең ауқымды мәселелер бойынша одан әрі жемісті жұмыс істейтініне сенім білдірді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT