+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Нұрлан Нығматулин Түркия Ұлы ұлттық жиналысының төрағасымен кездесті

2021 жылғы 27 қыркүйек 11:58
Бөлісіңіз:
Нұрлан Нығматулин Түркия Ұлы ұлттық жиналысының төрағасымен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин елімізге ресми сапармен келген Түркия ұлы ұлттық жиналысының төрағасы Мұстафа Шентоппен кездесіп, екі ел Парламент өкілдерінің өзара іс-қимылын тереңдету туралы уағдаласты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Мәжілісте санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің кемшіліктері айтылды Қарағандылық аграршылардың тәжірибесін республика бойынша тарату ұсынылды Мәжіліс депутаттары көтерме-тарату орталықтарын құру мәселелерін талқылады

Кездесу барысында тараптар қос мемлекеттер арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.

Нұрлан Нығматулин Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әрқашанда Түркиямен қарым-қатынасты дамытуға ерекше көңіл бөлетініне назар аударды. Бүгінде бұл жолды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүйелі түрде жалғастырып, Нұр-Сұлтан мен Анкара арасындағы берік байланыс нығаю үстінде.

Мәжіліс Төрағасы Түркия Спикерінің Қазақстанға ресми сапары парламентаралық байланысты нығайту жолында маңызы өте зор екенін атап өтті.

Сондай-ақ, Палата Төрағасы мәртебелі мейманға еліміздегі заң шығару қызметінің жаңалықтары туралы және оларды заң деңгейінде қамтамасыз ету жайында баяндады.

Атап айтқанда, түрік кәсіпкерлерінің қаржы, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, туризмді дамыту бойынша инвестициялық жобаларға қатысу мүмкіндіктері туралы сөз болды. Нұрлан Нығматулин атап өткендей, Мәжіліс депутаттары жұмыс істеп жатқан «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң жобасы шетелдік инвесторларға, соның ішінде түрік компаниялары үшін жаңа мүмкіндіктер ашпақ.

Өз кезегінде, Мұстафа Шентоп:

- Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының Х пленарлық отырысы Түркістан қаласында өтетініне өте қуаныштымыз. Келесі жылы Қазақстанмен дипломатиялық қатынас орнағынаны 30 жыл толады. Бұл да біз үшін ерекше маңызды. Біз өзіміздің шыққан жеріміз, тегіміз Қазақстан екенін ұмытпаймыз. Қазақстанға келген сайын өзіміздің ата-жұртымызға келгендей қуанышпен, мақтанышпен келеміз, - деді.

Сонымен бірге, Шентоп мырза Түркітілдес елдердің байланысын нығайтуда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың рөлін атап өтіп, Түркия үшін Қазақстанның орны ерекше екенін және рухани орталығы екенін жеткізді.

Нұрлан Нығматулин мен Мұстафа Шентоп парламентаралық диалог, палата комитеттері арасындағы сындарлы байланыс Қазақстан мен Түркия арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға серпін беретініне назар аударды.

Айта кету керек, Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының Төрағасы Мұстафа Шентоп Қазақстанға ресми сапары аясында 28 қыркүйекте Түркістанда өтетін Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының Х пленарлық отырысына қатысады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT