Нұрлан Нығматулин: Туризм саласының болашағын шенеуніктер шешпеуі керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин туристік қызметке қатысты заң жобасын екінші оқылымға дейін жіті талқылап, зерттеуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин туристік қызметке қатысты заңға енгізілетін кейбір өзгеріс негізсіз екенін мәлім еткен болатын.

Оның айтуынша, туроператорлардың санын айқындау Мәдениет және спорт министрлігіне бір мақсат үшін ғана керек болды. Ол – туроператорларды «Туристік қамқор» қорына жарна аударуға міндеттеу.

«Бары осы! Министр ханым, бизнесті қорғаймыз деудің қажеті жоқ. «Атамекеннің» бұл мәселені уақтылы көтергені қандай жақсы болған. Әдемі сөздің артында мүлде басқа мақсат тұр. Мынадай жоғары мінберде бизнесті қорғаймыз деп ұрандап, туристік компанияларға керісінше қысым көрсетуге тырысудың қажеті жоқ», - деген еді Мәжіліс спикері.

Мәжіліс төрағасының айтуынша, заң жобасының үкіметтік нұсқасы туроператорларға қосымша міндет жүктеуді көздейді.

«Бұл мәселе екінші оқылымға дейін жіті зерттеліп, талқылануы керек. Бұл ретте туризмнің болашағын талқылауда туристік саланың компаниялары кеңінен тартылуы тиіс. Бұл мәселені шенеуніктер шешпеуі керек. Үкімет нұсқасын қарасақ, онда қосымша төлем белгілеу, үш топқа бөліп лицензиялау көзделген. 2025 жылы бұл бағытта көрші мемлекеттермен қалайша бәсекелесе аламыз? Қайталап айтамын: бұл мәселенің талқылануына туристік қауымдастықтардың өкілдері тартылуы керек», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар