Нұрлан Нығматулин ШҚО Еңбекпен қамту орталығында көпбалалы аналармен кездесті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Шығыс Қазақстан облысына сапары барысында Өскемендегі Еңбекпен қамту орталығында болып, көпбалалы аналармен және мекеме қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат төменнгі палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрлан Нығматулин аталған орталыққа келушілердің әлеуметтік ахуалымен, АӘК жаңа түріне байланысты құжаттық рәсімдеу жайымен және қызмет көрсету сапасымен, басқа да өзекті сұрақтармен танысты. Мәжіліс төрағасымен кездесушілер қатарында болған аналар түрлі мемлекеттік қолдау арқылы қол жеткізген жетістіктерімен бөлісті.

Мәжіліс спикері осы жылдан бастап көпбалалы аналарға жаңа мемлекеттік жәрдемақы тағайындалғанын еске салды. Ол бала санына қарай 42,5 теңгеден 74 мың теңгеге дейін қамтиды. Бұл жәрдемақыны төлеуде отбасы кірісі есепке алынбайды. АӘК төлеудің міндетті шарты еңбекке орналастыру. Тиісті білім немесе мамандық болмаған жағдайда «Еңбек» бағдарламасы арқылы мемлекет есебінен оқып, мамандық алуға мүмкіндік беріледі.


Өткен жылдың 11 айы ішінде 12 мың қазақстандық қатысып, АӘК алып, өз бизнестерін ашқан. 120 мың ауыл азаматтары өздерінің жеке шаруашылықтары жұмысын жолға қойған.



Соңғы жаңалықтар