+7 (701) 759 90 19
USD 397.56 EUR 445.94
RUB 5.82 CNY 55.96
Jańalyqtar

Нұрлан Нығматулин Президент тапсырмаларының орындалуына қолдау білдірді

2020 жылғы 26 наурыз 12:13
Бөлісіңіз:
Нұрлан Нығматулин Президент тапсырмаларының орындалуына қолдау білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжіліс төрағасы, «Nur Otan» партиясы фракциясының жетекшісі Нұрлан Нығматулин фракция депутаттарының атынан төтенше жағдай кезінде елдің тұрақтылығын қамтамасыз ету және коронавирус эпидемиясының таралуына қарсы әрекет ету үшін қабылданатын шараларға қолдау білдірді, деп хабардайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Парламент Мәжілісіндегі «Nur Otan» партиясының фракциясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың коронавирус эпидемиясының таралуына қарсы әрекет ету және төтенше жағдай кезінде тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларына бірауыздан қолдау білдіреді. Елімізде алдын ала коронавирус инфекцияның індетіне қарсы дайындық жасалды», - деді Н. Нығматулин Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында.

Сонымен қатар Мәжіліс төрағасы Қазақстанның Тұңғыш Президенті- Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекеттік деңгейде қабылданып жатқан шаралар уақтылы әрі дағдарыстық жағдайға жауап беретінін атап өткеніне тоқталды.

Н. Нығматулин індет кезінде осындай шараларды қабылдаудан кешігіп қалған елдерге жағдай күрт төмендеп кеткеніне назар аударды.

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың тапсырмаларына сәйкес, Қазақстанда коронавирус эпидемиясының таралуына қарсы күрес жөніндегі кешенді шаралар іске асырылуда.

«Жергілікті деңгейде салықтық преференциялар мен қолдауды қоспағанда, дағдарысқа қарсы шаралардың жалпы пакеті 4,4 трлн теңге немесе 10 млрд долларды құрайды. Осылайша, Президенттің тапсырмалары Қазақстан қоғамы өмірінің барлық салаларын қамтып отыр. Басты назар әлеуметтік тұрақтылыққа аударылады», - деді Мәжіліс төрағасы.

Н. Нығматулин Президенттің дағдарысқа қарсы барлық тапсырмаларын орталықта да, елді мекендерде де нақты орындау қажеттілігіне назар аударды. Мемлекет басшысы дағдарысқа қарсы жоспарды қаржыландырудың жолдарын, тетіктерін және қаржыландыру көздерін айқындады. Енді барлық мемлекеттік аппараттың міндеті – министрден бастап маманға дейін белгіленген мақсаттарға жету үшін нақты және үйлесімді жұмыстарды атқару.

«Парламент Мәжілісіндегі «Nur Otan» партиясының Фракциясы елдің дағдарыстан кейінгі даму жоспарын іске асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Бұл үшін қажетті заңнамалық жаңалықтардың барлығы «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері - депутаттар қызметінің негізгі бағыттарының бірі болады», - деді Нұрлан Нығматулин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT