+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Нұрлан Нығматулин: Отан қорғау – әрбір азаматтың міндеті

2021 жылғы 7 мамыр 12:04
Бөлісіңіз:
Нұрлан Нығматулин: Отан қорғау – әрбір азаматтың міндеті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин барша қазақстандықтарды ерлік пен батырлықтың және отансүйгіштіктің символына айналған Отан қорғаушылар күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ауғанстан мен Ирак ШЫҰ қорғаныс министрлерінің назарында Қазақстандық әскери дәрігерлер АҚШ мамандарымен бірге бітімгершілік миссияға дайындық өткізді

«Cоғыс ардагерлерін, Қазақстан әскері қатарында қызмет атқарып жүрген азаматтарды елімізде ерекше құрметпен аталып өтетін 7 мамыр мерекесімен құттықтаймын. Бүкіл Қазақстанның, әрбір отбасының, әрбір адамның қауіпсіздігі мен тыныштығын сақтау жолында күндіз-түні аянбай еңбек еткен ардагерлерге алғыс білдіре отырып, әскери бөлімшелерде лайықты қызмет атқарып жүрген ержүрек те жігерлі сарбаздарға абыройлы, табысты қызмет тілеймін», - деді Мәжіліс төрағасы.

Нұрлан Нығматулин қай дәуірде, қай заманда болмасын Отанды қорғау қасиетті борыш екенін алға тартып, Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тәуелсіздік алған жылдардан бастап, әрдайым еліміздің қарулы күштеріне ерекше назар аударып, оның нығаюы мен дамуына мән беретінін айтты.

Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин осы жолда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Елбасының әскери салаға деген оң бағытын жалғастырып, Қазақстанның қарулы күштері әрқашанда тәуелсіздіктің, қоғамдағы татулық пен келісімнің мызғымас тірегі болатынына сенім білдіргеніне тоқталды.

Мәжіліс төрағасы барлық қазақстандықтарға мықты денсаулық, бақыт және амандық тіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT