+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 385.16 EUR 425.95
RUB 6.01 CNY 54.51
Jańalyqtar

Нұрлан Нығматулин: Nur Otan фракциясы жаңа форматта жұмыс істейді

2019 жылғы 22 тамыз 12:43
Бөлісіңіз:
Нұрлан Нығматулин: Nur Otan фракциясы жаңа форматта жұмыс істейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин «Nur Otan» партиясы фракциясының алғашқы отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
ЖОО-дағы пара, сайлау, БАҚ-қа күш көрсетер шенеунік - «Nur Otan» Саяси кеңесінде не айтылды Елбасының төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті Нұрсұлтан Назарбаев жастар жайлы: Жақсырақ жұмыс істейтінін көріп отырмыз

«Мәжілістегі «Nur Otan» партиясы фракциясының алғашқы отырысын өткіздім. Әріптестермен Елбасы Н.Ә.Назарбаев тапсырмаларын орындау жоспарын белгіледік. Басты мақсат – жұмыста жаңа тәсіл енгізу, халық мәселелерін шешу, сайлауалды бағдарламаны орындау, соның ішінде заңдық қамтамасыз ету» - деп жазды Мәжіліс спикері Twitter-де.

«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында партия Төрағасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәжілістегі фракцияның лауазымына палата спикері Нұрлан Нығматулинді ұсынған болатын.

Осыған орай, «Nur Otan» партиясы фракциясының отырысында партия Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа өзіне зор сенім артқаны үшін алғыс білдірген Нұрлан Нығматулин фракциядағы барлық әріптестеріне қолдап дауыс бергені үшін рахметін айтып, бұл үлкен жауапкершілік екенін жеткізді.

Нұрлан Нығматулин нұротандық депутаттардың алдағы уақыттағы жұмысы туралы айта келе, фракция өзінің күш-жігерін, ең алдымен, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларын, «Nur Otan» партиясының сайлауалды тұғырнамасы мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының орындалуын бақылауға жұмылдыратынын атап өтті.

«Баршаңыз жақсы білесіздер, еліміз даму жолында әрбір кезеңде, әрбір уақытта – «Nur Otan» партиясына зор жауапкершілік жүктеліп келеді. Кеше ғана Нұрсұлтан Әбішұлы «Nur Otan» партиясы Саяси к еңесінің кеңейтілген отырысында дамыған 30 елдің қатарына ену туралы тағы атап өтті. Осы жолда партиямыздың алдында тұрған үлкен міндеттерге назар аударды. Сонымен бірге, партиямыздың Мәжілістегі фракциясы жұмысын күшейтуге ерекше көңіл бөлді « , - деді Н. Нығматулин.

Алдағы уақытта фракция депутаттары Үкіметпен бірге партия тұғырнамасының әрбір тармағы қалай жүзеге асырылып жатқанын жете талдап, фракцияның қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысында халықтың нақты мәселелерін шешуге назар аударатын болады.

Фракция отырысында Н.Нығматулин әріптестерін заң шығару бастамасын белсенді пайдалануға шақырды. Депутаттық заң жобаларды әзірлеу барысында партия жанындағы Қоғамдық саясат институты өз үлесін қосады.

Сондай-ақ, депутаттық сауалдарды дайындау барысында алдымен сайлаушыларды толғандырған мәселелер, сонымен бірге партияның сайлауалды тұғырнамасын іске асыруға жете көңіл бөлінеді.

Тағы бір негізгі бағыт - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту. Осы бағытта озық тәжірибелерді ескере отырып, жүйелі жұмыстар жүргізіледі.

Елбасының экономикалық өсуді қамтамасыз етуге қатысты қойған міндеттерін табысты орындау үшін Мәжіліс төрағасы экономика, әлеумет, бюджет, жастар саясаты, инновация және т.б. бағыттар бойынша Үкіметпен бірге жұмыс істейтін нақты депутаттарды бекітуді ұсынды.

Сондай-ақ Үкіметпен өзара іс-қимыл туралы айт а келе, жұмыстың форматы мен тәсілдері өзгеретінін атап өтті.

Мысалы, жаңа тәсіл бойынша Үкімет сағаттарында министрлердің салаға қатысты жалпы жұмыс жағдайы емес, нақты бір мемлекеттік бағдарламаның орындалуы баяндалып, атқарылған жұмыстар талқыланатын болады.

Нәтижесінде бағдарламаны іске асыруды жақсарту бойынша ұсыныстар әзірленеді. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда лауазымды тұлғалардың жеке жауапкершілігі де қаралатыны айтылды.

« Министрлердің барлығы біздің партиямыздың мүшелері «Үкімет сағаты» аясында ғана емес, «Nur Otan» партиясы фракциясының отырыстарында да есеп беруі керек», - деді Н. Нығматулин.

Палата спикері депутаттарға әлеуметтік желілерді белсенді қолданып, сайлаушылармен тығыз байланыста болуға, заң шығарушылық жұмыстағы жаңалықтар туралы айтып, халықтың пікірлерін білуге және оны күнделікті жұмыста пайдалануға шақырды.

Бұдан былай фракция мүшелері де депутаттық төсбелгімен бірге партиялық төсбелгіні тағып жүретін болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT