+7 (701) 759 90 19
USD 389.62 EUR 429.98
RUB 6.06 CNY 55.08
Jańalyqtar

Нұрлан Нығматулин Мәжілістің Бюро отырысын өткізді

2019 жылғы 11 қазан 13:50
Бөлісіңіз:
Нұрлан Нығматулин Мәжілістің Бюро отырысын өткізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Палатаның қарауына ратификацилық заң жобаларын талқылау ұсынылды.

«Атап айтқанда, ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы конвенцияға Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімдері туралы хаттамасы бар. Хаттама ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімі туралы алғашқы заң тұрғысынан міндетті халықаралық құжат болып табылады. Хаттамаға қосылу Қазақстанның БҰҰ-мен басқа да мүше елдерімен Орхус конвенциясын жүзеге асыру шеңберіндегі ынтымақтастығын нығайтады», - деді Мәжілістің баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар, ратификациялық актілердің қатарында Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге түзетулер енгізу туралы хаттама бар.

«Түзетулерде Тоқмақ және Кең-Бұлын – автожолдарын, Сарытөбе және Аухатты автожолдарын өткізу пункттерінің мәртебесін «екіжақтыдан» «көпжақты халықаралыққа» ауыстыру қарастырылған. Заң жобасы Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы транзиттік-көліктік әлеуетті және сауда-экономикалық қатынастардың одан әрі дамуын жақсартады. Оны қабылдау «Қарасу» және «Қордай» автомобильдік өткізу пункттерін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, Орталық Азия аймағы мемлекеттерінің тауар айналымына оң әсер етеді», - делінген баспасөз баянында.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Парламент, Заң,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT