+7 (701) 759 90 19
USD 389.75 EUR 434.26
RUB 6.12 CNY 55.05
Jańalyqtar

Нұрлан Нығматулин Мәжілістің Бюро отырысын өткізді

2019 жылғы 17 мамыр 13:36
Бөлісіңіз:
Нұрлан Нығматулин Мәжілістің Бюро отырысын өткізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды. Ол бойынша халық қалаулылары назарына атқарушылық іс жүргізу мәселелеріне қатысты түзетулерді бірінші оқылымда қарау ұсынылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленген заң жобасы «Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында әзірленген.

«Құжат атқарушылық іс жүргізу тиімділігін арттыруға, заманауи технологияларды енгізуге, атқарушылық құжаттар тізбесіне «Астана» халықаралық қаржы орталығы» сот актілерін енгізуге басқа да осы саладағы маңызды сұрақтарды шешуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, осы күні қаржы нарығын реттеу мен дамыту және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша түзетулер бірінші оқылымда қаралады деп күтілуде. Заң жобасының мақсаты қаржы нарығын реттеушілік, бақылау және қадағалау, функцияларын бөлу, тұтынушылық кредиттеу тәуекелдерін шектеу бойынша тұжырымдамалық тәсілдерді әзірлеуге бағытталмақ», - делінген палатаның баспасөз баянында.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Парламент, Заң,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT