Нұрлан Нығматулин Мәжілістің басты міндеттерін атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин жаңа сессия барысындағы басты міндеттерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін біз алтыншы сайланған Парламент Мәжілісінің төртінші сессиясының жұмысын бастап отырмыз. Елбасы бірінші қыркүйекте осы сессияны ашып, еліміздің даму жоспарына сәйкес, нақты тапсырмалар берді. Біздің басты мақсатымыз - Президенттің жүктеген міндеттерін өз уақытында сапалы заңдармен қамтамасыз ету. Оның ішінде Мемлекет басшысының жаңа тапсырмаларына орай, әлеуметтік жағдайды одан әрі күшейтуге, экономиканы дамытуға және ұлттық рухани байлықты сақтауға ерекше көңіл бөлетін боламыз», - деді Н. Нығматулин жалпы отырысы кезінде.

Оның сөзіне қарағанда, қазірдің өзінде Парламент қарауында 50-ден астам заң жобасы бар.

Олардың арасында «Мемлекеттік сатып алулар және квазимемлекеттік сектордың сатып алулары мәселелері туралы»,  «Табиғи монополиялар туралы» маңызды заң жобаларымен қатар,  денсаулық сақтау, көлік, мемлекеттік сатып алулар, АӨК-ті реттеу, сондай-ақ меншік құқығын қорғауды күшейту туралы заңнамалық түзетулер, арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар, кинематографияға қатысты құжаттар қамтылған.

Естеріңізге сала кетейік, 1 қыркүйекте ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысындаПрезидент тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мәселелерді шешуді тапсырды. 

Сонымен қатар, Елбасы қоғам денсаулығын нығайтуға қатысты заң жобасының маңызы туралы айтты

 

Соңғы жаңалықтар