+7 (701) 759 90 19
USD 381.10 EUR 420.81
RUB 5.65 CNY 54.57
Jańalyqtar

Нұрлан Нығматулин Мәжіліс бюросының отырысын өткізді

2020 жылғы 24 қаңтар 12:35
Бөлісіңіз:
Нұрлан Нығматулин Мәжіліс бюросының отырысын өткізді

АСТАНА.ҚазАқпарат - Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Өткен жылы қанша бухгалтер жауапкершілікке тартылды Мәжілісте аудиторлық қызметке қатысты заң жобасы таныстырылды Қазақстанда парламенттік оппозицияға бірқатар құзірет беретін заң жобасы талқылануда

Алдағы сәрсенбіде Мәжіліс депутаттары бірқатар ратификациялық заң жобаларын талқылайды деп күтілуде.

Атап айтар болсақ, депутаттар назарына дүниежүзілік пошта одағының Жарғысына Тоғызыншы қосымша хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы ұсынылады. Хаттаманың мақсаты сапалы, қолжетімді, әмбебап пошта қызметтерін дамытуды ынталандыруға мүмкіндік беретін аталған одақ шеңберінде халықаралық пошта алмасу және халықаралық пошта жөнелтілімдерінің транзитін қамтамасыз ету бойынша Қазақстан қабылдаған міндеттемелерді орындау.

Сондай-ақ, осы күні Өзбекстанмен заңсыз көші-қонға қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қаралмақ.

Тараптар келісімге сәйкес, өз мемлекеттерінің заңнамасына және халықаралық міндеттемелеріне сәйкес заңсыз көші-қонға қарсы күресте ынтымақтастық жасайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Парламент,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT