Нұрлан Нығматулин: Мәжіліс балалардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасын қарайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәжілісітің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бюро отырысында депутаттар қарауына баланың құқықтарын қорғау мәселелеріне қатысты заң жобасын бірінші оқылымда қарау ұсынылды.

Құжат балалар мүддесі үшін заңнаманы жетілдіру, сондай-ақ Бала құқықтары туралы конвенцияның ережелерін Қазақстан Республикасының орындауы туралы төртінші кезеңдік баяндаманы қорғау қорытындылары бойынша Б¥¥ Бала құқықтары жөніндегі комитетінің ұсынымдарын іске асыру мақсатында және «Балаға мейірімді Қазақстан» атты екі халықаралық конференцияның қорытындылары бойынша дайындалған ұсынымдар шеңберінде әзірленді.

Аталған заң жобасында сәйкес, қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық туралы және еңбек кодекстеріне, сондай-ақ, тағы басқа да бірқатар заң жобаларына түзетулер енгізілу ұсынылады.

Сонымен қатар, күн тәртібінің жобасында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда қарау ұсынылмақ.


Соңғы жаңалықтар