Нұрлан Нығматулин Мәскеуге сапармен барды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәжіліс nөрағасы Нұрлан Нығматулин Мәскеуге ресми сапармен барды. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлайды.

Сапар аясында Мәжіліс төрағасы Федералдық жиналысы Мемлекеттік Дума спикері Вячеслав Володинмен кездеседі.

Сондай-ақ, Нұрлан Нығматулин Мәжіліс пен Мемлекеттік Дума арасындағы ынтымақтастық бойынша Палатааралық парламенттік комиссияның 10-шы отырысына қатысады.

Бүгін Нұрлан Нығматулиннің қатысуымен Мемлекеттік Думада «Қазақстан мен Ресей - мәңгілік достық!» көрмесінің ашылуы өтеді. 

Соңғы жаңалықтар