+7 (701) 759 90 19
USD 432.94 EUR 513.68
RUB 5.62 CNY 66.1
Jańalyqtar

Нұрлан Нығматулин Қырғыз Президентімен кездесті

2021 жылғы 2 наурыз 18:51
Бөлісіңіз:
Нұрлан Нығматулин Қырғыз Президентімен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжілісте Палата төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстанға алғаш рет мемлекеттік сапармен келген Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

Нұрлан Нығматулин, ең алдымен, Садыр Жапаровты Қырғыз Республикасының Президенті болуымен құттықтап, Қырғыз елінің дамуы мен өркендеуіне бағытталған саяси жүйені реформалауға қатысты алда тұрған маңызды міндеттерін табысты орындау үшін сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы Қырғыз Президентінің мемлекеттік сапары Қазақстан мен Қырғызстан елдері Тәуелсіздігінің 30 жылдығында өтіп жатқанына баса назар аударды.

Нұрлан Нығматулин басты мақсат - тарихи байланысты сақтап, одан әрі нығайту екенін жеткізді.

Сондай-ақ, барлық бағытта, соның ішінде парламенттік ынтымақтастық арқылы бауырлас екі елдің достығын одан әрі тереңдету үшін тиісті жұмыстарды жалғастыратынын атап өтті.

Кездесуде қос мемлекет арасында саяси келіспеушіліктер жоқ екенін және екіжақты қарым-қатынастар жүйелі дамып келе жатқанын алға тартқан Палата спикері бұның бәрі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі екенін және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті әрдайым Қырғызстанмен өзара іс-қимылдың ерекше маңызын атап көрсететініне тоқталды.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қырғызстанмен ынтымақтастыққа үлкен мән беретінін айтқан Мәжіліс төрағасы Қазақстан мен Қырғызстанның қарым-қатынасы жаңа дейгейге көтерілетініне назар аударды.

Кездесу барысында Нұрлан Нығматулин мәртебелі мейманға VII шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің қызметімен таныстырып, парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мен кеңейтудің маңызы туралы айтып, қалыптасқан дәстүрлі әріптестік қарым-қатынасты жалғастыратынына тоқталды.

Өз кезегінде мәртебелі мейман біздің еліміздің жаңа Парламенттік құрамының жұмысына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолындағы тарихи рөлін жоғары бағалайтынын және өзара туыстық және достық құндылықтарды одан әрі өркендетуге үлес қосатынын айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT