Нұрлан Нығматулин коронавирустан жазылып шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпрат – Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин коронавирус инфекциясын емдеу курсынан сәтті өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Медициналық хаттамаға сәйкес, Мәжіліс спикері теріс нәтиже көрсеткен коронавирусқа бақылау тестінен өтті.

Еске сала кетейік, 16 маусымда Мәжіліс төрағасы тапсырған тест оң нәтиже көрсеткен болатын. Диагноз коронавирустың симптомсыз түрі деп қойылды.

Осыған орай, Нұрлан Нығматулин өзін-өзі оқшаулау туралы шешім қабылдаған еді.

«ҚазАқпарат» агенттігінің ұжымы Нұрлан Нығматулинге мықты денсаулық және бар жақсылықты тілейді.


Соңғы жаңалықтар