+7 (701) 759 90 19
USD 389.75 EUR 434.26
RUB 6.12 CNY 55.05
Jańalyqtar

Нұрлан Нығматулин Кипр Республикасының сыртқы істер министрімен кездесті

2019 жылғы 15 мамыр 17:36
Бөлісіңіз:
Нұрлан Нығматулин Кипр Республикасының сыртқы істер министрімен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Кипр Республикасының Сыртқы Істер министрі Никос Христодулидиспен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар екіжақты, соның ішінде парламентаралық қатынасты дамытудың өзекті сұрақтарын талқылады.

Мәжіліс төрағасы Кипр Қазақстанның Оңтүстік Еуропадағы маңызды саяси әріптесі екенін айта келіп, біздің еліміз аталған мемлекетпен саяси дилогты, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға ынталы екенін алға тартты.

Нұрлан Нығматулин біздің мемлекетіміз өзінің айрықша географиялық жағдайының және Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бағытының арқасында Еуразия бойынша жаңа көлік-логистикалық хабына айналғанын атап өтті.

Кипр Республикасының «жасыл» экономика, цифрлық-технология, жаңартылған энергия саласындағы жетістіктерін сөз еткен Нұрлан Нығматулин осы бағытта жан-жақты тәжірибе алмаса отырып, парламенттік әріптестікті жаңа деңгейге көтеру керектігіне тоқталды.

Өз кезегінде біздің елімізге алғаш рет келген Кипр Сыртқы Істері Министрі Қазақстанның даму қарқынына таңданысын жасырмады. Сондай-ақ, біздің елдеріміздің өзара іс-қимылы табысты дамып келе жатқанын айта келіп, барлық салада екіжақты қатынасты нығайтудың, соның ішінде, инвестиция, сауда, энергетика, ауыл шаруашылығы салаларының әлеуеті зор екеніне тоқталды.

Тараптар бүгінгі кездесу елдер арасындағы өзара ықпалдастықты одан әрі күшейтуге және тереңдетуге жол ашатынына сенім білдірді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT