Нұрлан Нығматулин ҚХР парламентінің вице-спикерімен кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Тұрақты комитет төрағасының орынбасары Айлигенг Имингбахай бастаған ҚХР Бүкілқытай халық өкілдері жиналысының делегациясымен кездесу өткізді, деп хабарлайды парламент төменгі палатасының баспасөз қызметі.

Тараптар Қазақстан-Қытай, соның ішінде парламентарийлер арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Нұрлан Нығматулин атап өткендей, бүгін Қазақстан мен Қытай көшбасшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпиннің арқасында екі елдің арасындағы қарым-қатынас стратегиялық серіктестік деңгейінде. Мәжіліс спикерінің айтуынша, Қазақстан Президентінің Қытайға жасайтын алдағы мемлекеттік сапары серіктестіктің дамуына жаңа серпін бермек.

Өз кезегінде Айлигенг Имингбахай Қытайда Нұрсұлтан Назарбаевты үлкен қызығушылықпен күтіп отырғандығын және алдағы сапарға баса назар аударылғандығын хабарлады.

Тараптар парламентаралық қатынастарды екі мемлекеттің стратегиялық әріптестігінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде күшейтуге келісті. 

Соңғы жаңалықтар