+7 (701) 759 90 19
USD 412.10 EUR 454.34
RUB 5.82 CNY 57.62
Jańalyqtar

Нұрлан Нығматулин қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

2020 жылғы 7 мамыр 12:08
Бөлісіңіз:
Нұрлан Нығматулин қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, бұл ерлік пен патриотизм мерекесі елімізде ерекше құрметпен атап өтілетінін айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат Мәжіліске сілтеме жасап хабарлайды.

«Ұлы Отан соғысы жылдарында бейбітшілікті қорғаған ардагерлерімізге, басқа елдерде өзінің интернационалдық борышын орындаған жауынгерлерге, БҰҰ бітімгершілік миссияларына қатысушы әскери қызметшілерге шынайы алғысымызды білдіреміз.

Бүгінде жүздеген мың қазақстандық еліміздің барлық халқының тыныштығы мен әл-ауқатын қамтамасыз ете отырып, әскери бөлімшелерде лайықты қызмет атқаруда.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен Тәуелсіздік алған жылдардан бастап, еліміздің Қарулы күштері нығайып, бүгінде ол ұлттық мүдденің сенімді қорғаушысы және халықаралық қауіпсіздіктің жаһандық жүйесінің негізгі бөлігіне айналды» - деді Мәжіліс Төрағасы.

Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин Қазақстанның бітімгершілік және жауынгерлік әлеуетін дамыту, кез келген қауіп-қатерлерге қарсы тұру қабілеті Мемлекет Басшысы Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың саясатының маңызды бағыты болып табылатынын атап өтті.

Мәжіліс Төрағасы барлық қазақстандықтарға мықты денсаулық, бақыт және амандық тіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Парламент, Әскер,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT