Нұрлан Нығматулин Қазақстандағы Кубаның елшісін қабылдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстандағы Кубаның Төтенше және Өкілетті Елшісі Эмилио Певида Пупоны қабылдады, деп хабарлайды төменгі палатаның баспасөз қызметі.

Куба еліміздің Кариб бассейні өңіріндегі маңызды серіктесі екенін атап өткен Мәжіліс Төрағасы дипломатиялық қарым-қатынас орнаған 25 жыл ішінде екі ел арасында сенімді саяси үнқатысу орнағанын айтты.

Әңгімелесу барысында 2016 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Кубада өткен алғашқы ресми сапарына назар аударған Н.Нығматулин оның екіжақты ынтымақтастықты нығайтудағы маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар, кездесуде сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту және іскерлік байланыстарды арттыру мәселесіне көңіл бөлді. Ондағы басым бағыттардың қатарында - туризм, фармацевтика және биотехнология салалары бар. Нұрлан Нығматулин тиісті комитеттер мен ынтымақтастық топтардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Қазақстан-Куба парламентаралық байланыстарын нығайтуды тереңдету, сонымен қатар, заң шығару қызметінде тәжірибе алмасуды одан әрі жетілдірудің қажеттілігін атап өтті.

Өз кезегінде Эмилио Певида Пупо біздің елімізге, әсіресе білім беру саласында, Кубаға көмек көрсеткені үшін алғысын білдіріп, олардың өз Отанында табысты еңбек етіп жатқанын алға тартқан дипломат алдағы уақытта да екі жақты қарым-қатынастарды дамыту жолында белсенді жұмыс істейтінін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар