Нұрлан Нығматулин Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттарына дауыс берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын Мәжіліс депутаттарының сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат төменгі палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетсек, бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVIII сессиясы өтіп жатыр.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі Парламент Мәжілісінің депутаттығына тоғыз кандидат ұсынды. Олар: Сауытбек Әбдірахманов, Аветик Амирханян, Ілияс Буларов, Наталья Дементьева, Юрий Ли, Вакиль Набиев, Шамиль Осин, Владимир Тохтасунов, Абилфас Хамедов.

Соңғы жаңалықтар