+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Нұрлан Нығматулин: Қаржы халықтың ең маңызды мәселелерін шешуге жұмсалуы тиіс

2019 жылғы 6 қараша 12:53
Бөлісіңіз:
Нұрлан Нығматулин: Қаржы халықтың ең маңызды мәселелерін шешуге жұмсалуы тиіс

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулинннің төрағалығымен өтіп жатқан жалпы отырыста мемлекетіміздің әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мәселелеріне қатысты заң жобасы бірінші оқылымда талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат төменгі палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің Бюро отырысы өтті Мәжілісте жедел жәрдем қызметіне қатысты ел тұрғындарының ұсынысы айтылды Министр Байқоңырда коммуналдық шығын қаншалықты төмендейтіндігін айтты

Осы заң жобасының маңыздылығына айрықша назар аударған Н. Нығматулин әсіресе, заң жобасында көрсетілген шағын және орта бизнестен түсетін корпортивтік табыс салығы түсімдерін жергілікті бюджетке беру жайына баса көңіл бөлді. Мәжіліс Төрағасы: «Шын мәнінде, осы корпоративтік табыс салығын жергілікті бюджетке беру туралы шешім өте орынды, өте қажетті. Енді жергілікті атқарушы органдар түсетін барлық қаржыны халықтың ең маңызды мәселелерін шешуге жұмсау қажет», - дей келіп, қаражат түсті екен деп оңды-солды бағдарламалар ойлап таппай, қаражаттың әрбір азаматтың игілігіне тиімді жұмсалуын қатаң бақылауға алу керектігін атап өтті.

Сондай-ақ, Палата спикері атап өткендей, корпоративтік табыс салығынан түскен қаражат аймақ тынысына серпін беріп қана қоймай, шағын кәсіпкерліктің дамуына да жол ашуға тиіс. Талқылау соңында Мәжіліс Төрағасы бүгінгі айтылған барлық ұсыныс-пікірлер екінші оқылымға дейін жан-жақты пысықталу керектігін тапсырды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Парламент, Бюджет, Қаржы,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT