+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Нұрлан Нығматулин Ханой университетінде Абай орталығына барды

2019 жылғы 15 қараша 10:08
Бөлісіңіз:
Нұрлан Нығматулин Ханой университетінде Абай орталығына барды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Вьетнамға ресми сапары барысында Ханой университетіндегі Абай орталығына барды. Сонымен қатар, ұстаздар және студенттер қауымымен кездесті, деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан мен Оман арасында виза тәртібін жеңілдету, туризмді дамыту мәселесі талқыланды Нұрлан Нығматулин Мәжілістің Бюро отырысын өткізді Сенат төрағасы: Республика деңгейінде шешім қабылдағанда мәслихаттардың пікіріне назар аудару қажет

Абай атындағы ғылыми-мәдени орталық 2013 жылы ашылған. Бүгінде аталған орталықта ұлы ойшылдың 175 жылдық мерейтойына қызу дайындық жүріп жатыр.

Нұрлан Нығматулин екі елдің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығына айрықша назар аудара келіп, данышпан Абайдың мерейтойына дайындық шараларына тоқталды.

Сондай-ақ, орталыққа арнайы әкелген кітаптарды сыйға тартты. Аталған университет биыл құрылғанына 60 жыл толатын көне оқу орындарының бірі.

Кездесуге жиналған ұстаздар мен студенттер алдында Нұрлан Нығматулин тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу, даму кезеңдері бойынша жетістіктерге тоқтала келіп, Вьетнам елінің экономикалық табыстарына да көңіл бөлді.

Әсіресе, кездесу барысында қос мемлекет арасындағы жан-жақты өзара іс-қимылды тереңдету әңгіме өзегіне айналды. Студенттермен жүздесу кезінде сапалы білім тақырыбына сөз арнаған Мәжіліс Төрағасы қазіргі «білім экономикасы» дәуірінде оның маңыздылығы арта түскенін атап айтты.

Нұрлан Нығматулин қазақстандық-вьетнамдық ықпалдастықтың әлеуеті зор екенін алға тарта келіп, көлік-логистика, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, ауылшаруашылығы, сондай-ақ, туризм салаларынының басымдықтарын атап өтті.

Осы ретте Палата Спикері білім бағытында, кәсіпкерлік құрылымдары арасында тығыз байланыс орнатудың маңыздылығына көңіл бөлді. Өз кезегінде студенттер Еуразиялық Экономикалық Одақ пен Вьетнам арасындағы еркін сауда аймағы туралы Келісімнің Қазақстан мен Вьетнам үшін тиімді бағыттары, елдеріміз парламенттерінің ерекшеліктері туралы қызығушылық танытты.

Сонымен қатар, болашақта сұранысқа ие мамандықтар, депутаттар жұмысында әлеуметтік желілердің маңыздылығы жөнінде Мәжіліс төрағасының пікіріне назар аударды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT