Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.36 EUR 424.47
RUB 5.88 CNY 54.95
Jańalyqtar

Нұрлан Нығматулин Еуропа және Америка істері жөніндегі британдық министрді қабылдады

2019 жылғы 18 сәуір 15:20 430
Бөлісіңіз:
Нұрлан Нығматулин Еуропа және Америка істері жөніндегі британдық министрді қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжілісте Палата Спикері Нұрлан Нығматулин Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің Еуропа және Америка істері жөніндегі мемлекеттік министрі, Қауымдар палатасының депутаты Алан Данканмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ұқсас жаңалықтар
Бейбіт Атамқұлов: Қазақстан - Түркия тауар айналымы 50 пайызға өсті Александр Лукашенко Қазақстанды мұнай бойынша келіссөздерді жандандыруға шақырды

Тараптар парламентаралық байланыстарды нығайтуға бағытталған қазақстандық және британдық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Нұрлан Нығматулин Ұлыбритания - еліміздің Еуропадағы стратегиялық әріптесі екенін және Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ұлыбритания басшылығы арасындағы тиімді байланыс екіжақты ынтымақтастықты дамытуға серпін бергенін атап өтті. Сондай-ақ, Мәжіліс Төрағасы Қазақстанның сыртқы саясатында өзгеріс болмайтынын және Елбасы бастамашы болған барлық мемлекеттік бағдарламалар одан әрі  іске асырыла беретініне назар аударды.

Өз кезегінде, Алан Данкан Қазақстанды Орталық Азия аймағы үшін маңызды ел деп, Ұлыбритания біздің елімізде болып жатқан саяси үрдістердің бірқалыпты болуын қолдайтынын атап өтті.

Британдық саясаткердің айтуынша, тұрақтылық пен сабақтастық халықаралық аренада Қазақстан беделінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Қазақстандық және ұлыбританиялық парламентаралық ынтымақтастық туралы әңгіме барысында тараптар оны жүйелі негізде нығайтуға қызығушылық білдірді.

Мәжіліс Төрағасының пікірінше, парламенаралық байланысты нығайтуға британдық Парламент өкілдерінің ағымдағы жылғы 23-24 қыркүйекте Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» тақырыбында өтетін Еуразия елдері парламенттері төрағаларының  Төртінші  кеңесіне қатысуы мүмкіндік беретін болады.

Форумға шақыру үшін алғыс білдірген Алан Данкан конференция тақырыбы Қазақстан мен Ұлыбританияның бүгінгі қарым-қатынастарының сипатын бейнелейтінін атап өтті.

 

 

 

 

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
MURAǴAT