Нұрлан Нығматулин: Елбасының бастамалары шетелдіктердің қызығушылығын тудыруда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжілісте Палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен биылғы 23-24 қыркүйекте елордада «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» тақырыбында өтетін Еуразия елдері парламенттері төрағаларының IV Кеңесіне дайындық пен өткізу жөніндегі Ұйымдастыру комитетінің алғашқы кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, парламент өкілдерінің алдағы кездесуі ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық идеясына 25 жыл толуына арналады.

Елбасының еуразиялық бастамасы бүгінгі күні әлемдік деңгейде зор әлеуетке ие болып отырғанын айтқан Мәжіліс төрағасы, халықаралық парламентаралық қоғамдастық өзекті мәселелерді және Қазақстанның астанасында Еуразиялық кеңістіктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету жолдарын талқылауға ынталы екенін атап өтті.null

Іс-шараға 70-тен астам елден делегациялар қатысады деп күтілуде.

Осыған орай, Ұйымдастыру комитетінің мүшелері маңызы зор саяси халықаралық оқиға саналатын алдағы парламенттік форумға дайындық мәселелерін қарады.

Соңғы жаңалықтар