+7 (701) 759 90 19
USD 429.75 EUR 507.45
RUB 5.61 CNY 63.93
Jańalyqtar

Нұрлан Нығматулин: депутаттар білім туралы заң жобасына бастамашы болды

2020 жылғы 25 қыркүйек 11:35
Бөлісіңіз:
Нұрлан Нығматулин: депутаттар білім туралы заң жобасына бастамашы болды

НҰР-СҰЛТАН - Бүгін Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат төменгі палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Мәжілісте бюджет заңнамасын жетілдіру бойынша заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды Депутат: Экологиялық құзыретті уәкілетті органға беру бизнеске қысым жасауға жол ашады Нығматулин: жаңа Кодекс - еліміздің экологиялық жағдайын  жақсартуға арналған нақты қадам

Мәжіліс бірінші оқылымда депутаттар әзірлеген білім беру мәселелеріне қатысты заң жобасын қарайды. Құжат білім беру қызметін ұсынуды бақылауды қоса алғанда, оқу үдерісін жақсартуға бағытталған.

Сонымен қатар, Палатаның алдағы жалпы отырысында Қазақстан мен Беларусь арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы жобасын қарау ұсынылады. Осының қатарында мемлекеттік шекара туралы заң жобасы екінші оқылымда қаралмақ.

Сонымен қатар, күн тәртібінің жобасында Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын жұмысқа алу көзделген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT