+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

Нұрлан Нығматулин: бюджетте пандемия кезінде азаматтарды қолдау жағдайы ескерілді

2020 жылғы 21 қазан 13:03
Бөлісіңіз:
Нұрлан Нығматулин: бюджетте пандемия кезінде азаматтарды қолдау жағдайы ескерілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасын мақұлдау барысында бюджетте ең алдымен, пандемия кезінде азаматтарды қолдау жағдайы ескерілгенін атап өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат төменгі палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Еліміздің бас қаржы құжаты бойынша депутаттар алдында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев және Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев баяндама жасады.

Заң жобаларын талқылау барысында депутаттар жауапты мемлекеттік органдардың басшыларына бірқатар сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті.

Осы ретте, Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин пандемия кезінде шағын және орта бизнесті қолдау қазіргі ең маңызды және ең қажетті сұрақтардың бірі екенін айтты.

Осы жолда Елбасының да, Мемлекет басшысының тапсырмасы да бар. Тиісті қаражат бюджетте қаралып отыр. Енді, ең бастысы, осы барлық қаражат - қолжетімді болуы керек. Бұл әрине, Үкіметтің, Ұлттық банктің міндеті, - деді ол. Сонымен бірге Палата спикері жеңілдетілген несиені жүзеге асыратын механизм де ашық және түсінікті болу керектігін, сонда ғана азаматтарымыз, шағын және орта бизнесте, осы қиын кезеңде жұмыс істей алатынын айтты.

Үш жылдық бюджет жобасын талқылау барысында депутат Ә.Бектұрғанов педагогтардың жалақысын 25%-ға арттыру кезінде спорттық жаттықтырушы мамандар арасында олқылықтың орын алғанын айтты. Мысалы, республикалық деңгейдегі спорт-мұғалімдеріне қосымша қаражат қаралып, ал әкімдіктер жанындағы спорттық ұйымдардың педагогтары бұл қолдаудан тыс қалған. Жақында ғана бюджетті нақтылау кезінде осы олқылықтың орнын толтыру үшін 5 млрд теңге қаржы қаралды.

Осы ретте Мәжіліс төрағасы алдағы уақытта мұндай жағдайға жол беруге болмайтындығын баса атап өтті.

Сонымен қатар бюджеттік заң жобаны талқылау барысында мемлекеттің тұрақты дамуына экономикалық және әлеуметтік ахуалға қатысты сұрақтар жан-жақты қаралды. Нәтижесінде 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджетті мақұлдау жөніндегі қаулы қабылданды.

«Бүгінгі мақұлданған бюджет жобасының орны да ерекше, маңызы да өте зор. Бүкіл әлемге тараған короновирус індеті біздің елімізде де орын алып отыр. Сондықтан, алдағы үш жылдық бюджетте ең біріншіден, пандемия кезінде азаматтарды қолдау жағдайы ескерілді. Сонымен бірге, жылдағы дәстүр бойынша экономиканы дамыту, әлеуметтік міндеттер, денсаулық, білім, еңбек салаларына ерекше назар аударылды. Себебі, республикалық бюджетті қалыптастыру – бұл Елбасы және Мемлекет басшысы жүктеген барлық міндеттерді сапалы орындаудың кепілі. Енді Үкіметтің де, барлық мемлекеттік органдардың да негізгі жұмысы ол осы бөлінген қаражаттарды жоспар бойынша өз уақытында, ашық, сапалы және нәтижелі пайдалану. Ал оны бақылау әрқашанда депутаттық корпустың назарында болады», - деді Нұрлан Нығматулин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT