+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

Нұрлан Нығматулин: Бірыңғай оператор құру тұрғын үй қолжетімділігін қамтамасыз етуге ықпал етеді

2020 жылғы 8 сәуір 13:13
Бөлісіңіз:
Нұрлан Нығматулин: Бірыңғай оператор құру тұрғын үй қолжетімділігін қамтамасыз етуге ықпал етеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй бағдарламалары операторларының санын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тұрғын-үй саясаты әрқашанда күн тәртібінен түспейтін маңызды мәселе екені баршаңызға белгілі. Осы жолда Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленіп, мақұлданған бүгінгі Заң жобасы аталған саладағы сұрақтарды уақыт талабына сәйкес, одан әрі, тиімді шешуге ықпал етеді деп білеміз. Себебі, енді, Қазақстанда тұрғын үй саясатын жүзеге асыратын бірыңғай оператор құрылады. Ол халқымызға, соның ішінде, әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтар арасында қолжетімді баспана мәселесін шешуге кең жол ашатын болады», - деді Нұрлан Нығматулин.

Заң жобасы тұрғын үй бағдарламаларының жұмыс істеп тұрған операторлары «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ, «Бәйтерек девелопмент» АҚ мен «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ-ны Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы етіп біріктіруге, сондай-ақ олардың бірін-бірі қайталайтын функцияларын жоюға және жалпы әкімшілік шығыстарын қысқартуға бағытталған.

Нәтижесінде, жалпы әкімшілік шығындар 42% - ға азаяды.

Осы ретте Мәжіліс төрағасы негізгі басымдықтар мұғалімдерге, дәрігерлерге, бюджет ұйымдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ орташа табыс деңгейі және орташадан төмен мемлекеттік қызметшілерді қамтитынын атап өтті.

«Жалпы, бірыңғай оператор құру біздің азаматтарымыз үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді тұрғын үй саясатын қалыптастыруға ықпал етеді», - деді Нұрлан Нығматулин.

Заң жобасында Қазақстан Республикасының 3 кодексі мен 4 заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылады.

Сонымен қатар құжат жобасында тұрғын үй құрылысы бірыңғай операторының ипотекалық тұрғын үй қарыздарына және көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысын аяқтауға кепілдіктер беру, инвестициялық жобаларды қаржыландыру және іске асыру жөніндегі қызметін регламенттеу бойынша да нормалар көзделген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Парламент, Тұрғын үй,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT