+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Нұрлан Нығматулин БАҚ өкілдерінің Мәжілістегі іс-шараларға қатысуына қатысты пікір білдірді

2021 жылғы 20 қазан 10:24
Бөлісіңіз:
Нұрлан Нығматулин БАҚ өкілдерінің Мәжілістегі іс-шараларға қатысуына қатысты пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин БАҚ өкілдері оффлайн форматта палатадағы іс-шараларға қатысуына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілгісі.

Ұқсас жаңалықтар
ЕАЭО нарығындағы кедергілердің 80 пайызын жойдық Бақыт Сұлтанов сауданы дамытудағы түйткілдерді атады Қазақстан экспортының 51 пайызын шикі мұнай мен мұнай өнімдері құрап отыр

Мәжіліс төрағасы коронавирус індетіне байланысты шектеулер енгізілгендіктен, журналистер қалыпты режимде жұмыс істей алмағанын еске салды.

«Баршаңыз жақсы білесіздер, індетке байланысты соңғы бір жарым жыл ішінде ақпарат өкілдері Парламенттің, Үкіметтің де ешқандай шараларына қатыса алмады. Сондықтан бүгінгі отырысымыздың бір ерекшелігі – ол осы бір жарым жыл ішінде журналистер бірінші рет келіп отыр. Әрине, бұл жақсы жағдай, себебі біз үшін де, БАҚ өкілдері үшін де оффлайн жұмыс өте қажет әрі маңызды», - деді Н. Нығматулин Мәжілістің жалпы отырысында.

Ол өткен бір жарым жыл ішінде Мәжілістегі іс-шаралар онлайн режимде көрсетілгенін атап өтті.

«Жалпы отырыстан кейін журналистердің заң жобалары бойынша депутаттарға, министрлерлерге, мемлекеттік органдар басшыларына сұрақ қою тәжірибесін жалғастырамыз», - деді Мәжіліс төрағасы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT