Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.36 EUR 428.94
RUB 5.93 CNY 56.70
Jańalyqtar

Нұрлан Нығматулин АҚШ-тың Қазақстандағы елшісін қабылдады

2019 жылғы 15 сәуір 14:17 276
Бөлісіңіз:
Нұрлан Нығматулин АҚШ-тың Қазақстандағы елшісін қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -  Бүгін Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі  Уильям  Мозерді қабылдады, деп хабарлайды Мәжілістің баспаөз қызметі.  

Ұқсас жаңалықтар
Сингапур, Сербия, Үндістан, Мысыр және Израиль ЕАЭО-мен еркін сауда аймағын құрмақ Желіге терминсымақтарды әдейі салады - Сауытбек Әбдіраxманов

Тараптар екіжақты қарым-қатынасты, соның ішінде, парламентаралық ынтымақтастықты нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады.  

Н. Нығматулиннің пікірінше, Америка елімен жан-жақты әрі өзара тиімді қатынасты нығайту біздің еліміздің сыртқы саясатының маңызды бағыттарының бірі. Ағымдағы жылы  қос мемлекет арасында дипломатиялық қатынастың орнағанына 28 жыл толады. Осы уақыттар ішінде, сенімді саяси диалог орнап, екіжақты байланыс кеңейтілген стратегиялық әріптестік деңгейіне жетті.

Палата төрағасы атап өткендей, 2018 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары біздің елдеріміз арасындағы ықпалдастықтың айрықша сипатын көрсетті.

Сауда-экономикалық саланы сөз еткенде, Н. Нығматулин екіжақты тауар айналымы  2018 жылы 2,25 млрд. долларға жеткенін,  өткен жылмен салыстырғанда 37 пайызға өскенін алға тартты.

Мәжіліс төрағасының айтуынша, екі мемлекеттің инвестициялық ынтымақтастығында қаржы секторы, көлік, коммуникация, тау-кен өндірісі, фармацевтика салалары басым бағыттарға ие.

Мәжіліс Спикері елдеріміз арасындағы парламентаралық өзара іс-қимылды тереңдетудің маңыздылығын айтты.    

Мәжілісте АҚШ-пен ынтымақтастық жөніндегі топ жұмыс істейді. Америкада құрылған «Қазақстан достары тобымен де» белсенді әріптестік бар. Н. Нығматулин заңнамалық тәжірибені меңгеру және етене байланыс орнату мақсатында аталған топтар мен бейінді комитеттер деңгейінде сапарлар алмасу пратикасын енгізудің қажеттілігіне тоқталды.

Сондай-ақ, Мәжіліс Спикері АҚШ Конгресі қаржыландыратын «Ашық әлем» бағдарламасының да депутаттар мен аппарат қызметкерлері үшін құқықтық және кәсіби тәжірибе алмасудың ерекше мүмкіндігі екенін атап өтті.

Тараптар бірлескен сындарлы жұмыс - парламентаралық байланыстарды, сонымен бірге, екіжақты қатынастарды нығайтуға кең жол ашатынына сенімді.

 

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
MURAǴAT