Нұрлан Ноғаев үш газ жобасын жүзеге асыру жоспары туралы айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысының Жолдауындағы тапсырмаларды орындауға арналған Үкімет отырысында Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев 3 газ жобасын жүзеге асыру жоспары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның атуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 3 газ жобасын жүзеге асыруды жоспарланған. Бірінші жоба – Қашаған кен орнында жылына 1 млрд текше метр шикі газды қайта өңдеу қуаты бар газ өңдеу зауытын салу.

Қазіргі уақытта алаңда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаны іске асыру 2041 жылға дейінгі кезеңде қосымша 10 млн тонна мұнай өндіруге, сондай-ақ жылына 800 млн текше метрге дейін тауарлық газ өндіруге мүмкіндік беретінін атап өткен жөн.

Тұтастай алғанда, есептеулер еліміз үшін де, Қашаған кен орнының мердігер компаниялары үшін де газ өңдеу зауытын салудың жоғары экономикалық тиімділігін көрсетіп отыр.

«Сонымен қатар, бүгінгі таңда «Мақат – Солтүстік Кавказ» және «Окарем-Бейнеу» магистральдық газ құбырлары Қазақстанның батыс өңірлеріндегі тұтынушыларды газбен жабдықтауды қамтамасыз етуде. Бұл газ құбырлары кеңес заманында бір желілік бағытта салынған, өзінің пайдалану ресурсын өтеп болды және диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша олардың көптеген ақаулары бар. Осыған байланысты энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өңірлердің газға деген өсіп келе жатқан қажеттілігі үшін газдың қосымша көлемін тасымалдау мақсатында «Мақат – Солтүстік Кавказ» магистральдық газ құбырының лупингін және «Бейнеу-Жаңаөзен» магистральдық газ құбырының 2-ші желісін салу жоспарлануда. Жалпы, қазіргі уақытта барлық 3 газ жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленді және іске асырудың практикалық бөлігі, оның ішінде жоғарыда көрсетілген жобаларды қаржыландыруға байланысты жұмыстар жүргізіліп жатыр», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар