Нұрлан Ноғаев Total компаниясы өкілімен бірлескен жобаларды талқылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Total компаниясы Барлау және өндіру бөлімшесінің басшысы Арно Брёйякты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Арно Брёйяк кездесу барысында «Total» компаниясының Каспий және Оңтүстік Еуропа бойынша жаңа вице-президенті Кристин Хейлиді таныстырды.

Нұрлан Ноғаев «Total» компаниясының Каспий және Оңтүстік Еуропа бойынша бұрынғы Вице-президенті Бернар Клеменге жемісті бірлескен жұмысы үшін алғыс айтып, Кристин Хейлидің жұмысына сәттілік тіледі.

Тараптар бірлескен жобаларды дамыту және COVID-19 пандемиясының мұнай-газ секторына әсері мәселелерін талқылады.


Соңғы жаңалықтар