Нұрлан Ноғаев Теңіз кен орнының болашағы туралы айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Теңізшевройл Теңіз кен орнын игеруге қосымша 8,4 млрд доллар қаржы құймақ. Бұл туралы бүгін Энергетика министрлігінің алқа отырысында ведомство басшысы Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда Теңіз кен орнын игерудегі болашақ кеңейту жобасы іске асып жатыр. Баршамыздың назарында жүрген мәселе - осы жобаға жұмсалатын қаражаттың, жоба құнының нақтылануы. Жақында Теңізшевройл компаниясы серіктестер кеңесінің отырысында жобаға жұмсалатын қаражатты 36,8 млрд теңгеден 45,2 млрд теңгеге дейін арттыру жөнінде шешім қабылданды. Қазіргі таңда акционерлердің осы шешімді бекітуін күтіп отырмыз. Болашақ кеңейту жобасының кейбір жұмыстары 75 пайызға дейін, құрал-жабдықтар әкелу 50 пайыздан жоғары орындалды. Бүгінде осы жобаға 43 мыңнан астам адам жұмылдырылған», - деді министр.

Оның атап өтуінше, 2016 жылы Қашаған кен орнын іске қосқаннан кейін елімізде мұнай өндіру динамикасы оң бағытта жылжыды. Қазіргі таңда Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ кен орындарын, ҚазМұнайГаз сынды өзге де компаниялар игеріп отырған кен орындарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету маңызды мәселе болып отыр.

«Теңіз кен орны іске қосылған 1993 жылдан бастан бүгінге дейін 451 млн тонна мұнай, 240 млрд текше метр газ өндірілді. 56 млрд доллар күрделі салымдар және міндетті төлемдер жүзеге асырылды. Республикаға 98 млрд теңге түсті. 2019 жылы бұл көрсеткіштер 29,8 млн тонна мұнайды, 16,3 млрд текше метр газды және 5,7 млрд долларды міндетті төлемдерді құрады», - деді Нұрлан Ноғаев.


Соңғы жаңалықтар