Нұрлан Ноғаев ресейлік әріптесімен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың 12 ақпанында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Мәскеуге ресми жұмыс сапары барысында Ресей Федерациясының Энергетика министрі Александр Новакпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесу барысында тараптар отын-энергетика саласындағы екіжақты әріптестік мәселелері бойынша пікір алмасып, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өзара іс-қимылды талқылады.

Сонымен қатар ҚР Энергетика министрі Н.Ноғаев «Сила Сибири – 2» газ құбырын кейіннен Қытай Халық Республикасының «Батыс – Шығыс» газ құбыры жүйесіне қосылатындай етіп, оны Қазақстан аумағы арқылы өткізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Александр Новак Ресей мен Қазақстан арасындағы энергетикалық өзара әрекеттестіктің сындарлы сипатын, сонымен қатар, мұнай мен газды тасымалдау саласы бойынша екі ел арасындағы өзара тиімді серіктестікті атап өтті.


Соңғы жаңалықтар