Нұрлан Ноғаев Маңғыстауда балық шаруашылығын дамыту бағдарламасын әзірлеуді тапсырды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Түпқараған ауданына екі күндік жұмыс сапары аясында балық шаруашылығын дамытуға арналған көшпелі жиын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтемемен.

Жиын барысында жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алу, ашық теңізге шығу үшін шекаралық өткізу құжатын алу, тәулік бойы балық аулауға және кәсіпшілік балық аулау нормативтерін шектеу мәселелері көтерілді.

Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының жаңадан ашылған балық шаруашылығы басқармасының басшысын таныстырды. Жаңа қызметке «Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ экс басшысы Арман Молдашев тағайындалды.

Саланың өзекті мәселелерін талқылаған жиында Нұрлан Ноғаев жауапты тұлғаларға өңірде балық шаруашылығын дамыту бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.

«Аймақта балық шаруашылығын дамыту үшін біз осы мәселемен ғана айналысатын жаңа басқарма аштық. Осы салада көп жылдық тәжірибесі бар басқарманың басшысы Арман Молдашевке бірқатар нақты тапсырмалар да берілді. Енді балық шаруашылығын дамыту мәселесі тұрақты бақылауда болады», - деді Нұрлан Ноғаев.


Соңғы жаңалықтар