Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысын дамытудың өзектендірілген жоспарын таныстырды
2022 жылғы 25 қаңтар 10:17

Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысын дамытудың өзектендірілген жоспарын таныстырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өңірді дамытудың өзектендірілген жоспарын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылдың қыркүйек айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысына келген жұмыс сапары барысында өңірдің дамуына, тұрғындардың әл ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған кешенді жоспарды қабылдауға тапсырма беріп, Үкіметтің қолдауымен негізгі мәселелерді шешуге бағытталған кешенді жоспар жасақталған болатын. Бүгінгі таңда кешенді жоспарды өзектендіру жұмыстары жүргізілді. Осы орайда кешенді жоспарды жасақтап, қабылдауда қолдау көрсеткен үшін Мемлекет басшысына облыс халқы атынан ризашылығымызды білдіреміз», - деді өңір басшысы.

Облыс әкімінің атап өтуінше, өзектендірілген кешенді жоспар 226 іс-шараны қамтиды.

«Оның ішінде экономиканы дамыту аясында – 96, тұрғын үй және инфрақұрылым бойынша – 54, әлеуметтік сала және экологияда 63 және азаматтық қорғанысты қамтамасыз етуде 13 іс-шара қарастырылған. Жоспарланған іс-шараларды іске асыру нәтижесінде шамамен 55 мың жұмыс орны құрылады деп күтіледі», - деді Нұрлан Ноғаев.


Jańalyqtar

MURAǴAT