Нұрлан Ноғаев күн мен желден алған электрдің неге қымбат екенін түсіндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Энергетика министрі Нұрлан Ноғаевқа ел алдындағы есептік кездесу кезінде жаңартылатын энергия көздерінен алынатын электрдің қымбаттығы туралы сауал қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Энергетика министрі елдегі энергетика нарығында жаңартылатын көздерден алынған энергияның үлесі артса да, оның бағасы арзандамайтынын ескертті.

«Күн, жел, су электр стансалары жаңартылатын энергия көздеріне жатады. Былтыр өндірілген 100,8 млрд КВт/-сағат энергияның 3 пайызы ғана күн, жел, су электр стансаларынан алынған. Бұл қазіргі таңда бағаның елеулі төмендеуін қамтамасыз ете алмайды», - деді министр.

Ведомство басшысының айтуынша, электрдің қазіргі құны қолданыстағы заңнамамен нақты регламенттелген.

«Жаңартылатын энергия туралы заң бойынша энергия өндіруші мекемелер жаңартылатын энергия көздері шығарған мекемелердің электр қуатын сатып алып отыр. Негізі тариф те, оны жүзеге асыру мәселесі де өте қымбат. Біз жаңартылатын энергия көздерін іске қосып, көлемін арттырған кезде электр құны төмендейді деген жаңсақ пікр екенін айтқым келеді», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар