Нұрлан Ноғаев: Ішкі нарық жол битумымен біркелкі қамтамасыз етілуі тиіс

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев «CASPI Bitum» БК» ЖШС битум өндіру зауытының жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің аспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«CASPI Bitum» БК» ЖШС – Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама жобасының аясында ішкі нарықты жол битумымен қамтамасыз ету мақсатында Маңғыстау облысында инвестиция есебінен салынған және табысты іске асырылған алғашқы кәсіпорын.


Мұнай «Қаражанбас» кен орнынан жеткізіледі, ол техникалық сипаттамалары бойынша жол битумдарын өндіруге арналған оңтайлы шикізат болып табылады.

2014 жылдан 2019 жылға дейін кәсіпорында 1,590 мың тонна жол битумы өндірілді. Кәсіпорынды тексеру барысында Нұрлан Ноғаев жол битумын өндірушілердің жұмысын жақсарту үшін Энергетика министрлігі қабылдап жатқан шаралар туралы айтып берді.


«Мемлекеттік сатып алулардың кешіктірілуіне байланысты жол салушылар көктем мен жазда өндірушілерден битумды жаппай сатып ала бастайды, сол арқылы битумға деген жоғары сұраныс тудырады, бұл өз кезегінде бағасы сатушы мен сатып алушы арасындағы нарықтық қатынастармен реттелетін өнімнің құнына әсер етеді. Осыған байланысты, құрылыс маусымы кезінде битум бағасы өседі, ал қыста оған деген сұраныс пен баға төмен болады. Жол салушылар жыл бойы битуммен біркелкі қамтамасыз етілуі тиіс – бұл өнімнің бағасын төмендетіп, жол битумын өндірушілердің технологиялық процестеріне оң әсер етеді», - деп атап өтті Энергетика министрі.


Соңғы жаңалықтар