Нұрлан Ноғаев: Атырау облысындағы тұрғын үй құрылысы өз қарқынынан таймайды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Нұрлан Ноғаев облыс орталығындағы бірқатар көпқабатты үйлердің құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.  

Биыл Атырау облысы тәуелсіздік жылдарындағы тұрғын үй құрылысы бойынша еліміздегі ең үлкен көрсеткішті көрсетті. Қазіргі таңда облыс бойынша 44 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жыл соңына дейін 34 үйдің құрылысы аяқталады. Атап айтсақ, «Береке» ықшамауданында 2622 пәтерлік 28 тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр. 936 пәтерлік 13 тұрғын үй несие арқылы, 1686 пәтерлік 15 тұрғын үй жалдамалы негізде беріледі. 1374 пәтер болатын 20 үйдің құрылысы 2018 жылдың желтоқсан айында аяқталады. null  


«Барлық үйлердің ауласында балалар ойын алаңы, дүкендер, дәріханалар, көлік тұрақтары мен бейнебақылау камералары болады»,- деді қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Тимур Басаров.null

Сонымен қатар, «Нұрсая» ықшамауданындағы 576 пәтерлік 8 үйдің құрылысын да жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Аталған ауданда 240 пәтерлік тағы 2 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Келер жылы пайдалануға беріледі. Қаладағы Амандосов көшесінде де 160 пәтерлік 2 тұрғын үй салынуда. «7-20-25» бағдарламасы бойынша берілетін қос тұрғын үйдің біреуінің құрылысы шілде айында аяқталса, екіншісін жыл соңында тәмамдау жоспарланған. Қала маңындағы Талғайран ауылында 60 үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Олардың 28-і  -1 пәтерлі, 12-сі - 1 пәтерлі, екі қабатты және 20-сы - 2 пәтерлі тұрғын үйлер.  null  

Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Мәлік Амановтың айтуынша, құрылыс жұмыстарына 85 пайыз отандық құрылыс материалдары пайдаланылып жатыр. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев құрылыс үшін барынша отандық өнімдерді пайдаланып, көрсеткішті арттыруды тапсырды.
Тұрғын үйлер құрылысымен танысқан облыс әкімі жауапты мамандарға осы қарқыннан таймай, жұмысты жоспарлы түрде аяқтауды тапсырды.null  


«Елбасының биылғы Жолдауында қазақстандықтардың тұрмыс жағдайын жақсарту мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Осы тапсырмаларды орындау мақсатында Атырау облысы тұрғын үй құрылысын қарқынды түрде жүргізуде. Облыста 44 көпқабатты тұрғын үй құрылысымен қатар, 19 коммерциялық ұйым үй салып жатыр. Сонымен қатар, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Елбасы тапсырмасына сәйкес бір типті жер үйлерді салу бойынша 400 жер учаскесі бөлініп,  60, 120, 200 шаршы метр  болатын 3 типті 60 үй тұрғызылуда. Қосымша 440 жер учаскесін бөліп, үй салу үшін ЖСҚ жасақталып жатыр. Облыстағы тұрғын құрылысы өз қарқынынан таймайды. Атыраулықтар да «Нұрлы жер», «7-20-25» бағдарламалары арқылы тұрғын үйге қол жеткізу үшін бағдарламаның тиімді тетіктерін тауып, белсенділік танытуда»,-деді облыс әкімі. null


Соңғы жаңалықтар