Нұрлан Ноғаев Атырау облысындағы балық өңдеу зауытында болды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Құрманғазы ауданындағы Шортанбай балық өңдеу зауытында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Исатай, Құрманғазы аудандарына жұмыс сапарымен барған Нұрлан Ноғаев құзырлы органдардың заңсыз балық аулаумен күрес, құрылыс, су тасқынынан қорғау бөгетін қалпына келтіру бойынша қызметтерін тексерді.

null Шортанбай ауылындағы балық зауыты балық қабылдау және өңдеу ісімен айналысады. Зауытта қақталған, кептірілген балық, балық өнімдері, жартылай фабрикаттар, шортан уылдырығы дайындалады. Мекемеде 180-ге жуық адам еңбек етеді, өнімдер ішкі нарықтан бөлек алыс-жақын шетелге экспортқа шығарылады.

nullАймақ басшысы мекемені қарау барысында бизнес субъектілері шығаратын өнімдердің көлемін арттыру үшін мемлекеттік қолдау шараларын пайдалана алатындарын атап өтті.

null«Бізде кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған шаралар, жақсы мемлекеттік бағдарламалар бар. Мемлекет басшысы бизнесмендерге қолайлы жағдай жасау қажеттілігіне маңыз беріп отыр. Мемлекеттік қолдау шараларын пайдалана отырып, кәсіпкерлер шығаратын өнімдерінің көлемін, сапасын, экспорттық әлеуетін ұлғайта алады», - деді Нұрлан Ноғаев.

nullСонымен қатар облыс әкімі Исатай, Құрманғазы аудандарындағы заңсыз балық аулаушыларға қарсы қолданылатын шаралармен танысты. Құрманғазы ауданындағы су тасқынына қарсы қорғаныс бөгетінің құрылысын, қалпына келтіру жұмыстарын да назарға алды. 

Нұрлан Ноғаев жұмыс сапары қортындысы бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді. 

null

null

Соңғы жаңалықтар