Нұрлан Ноғаев әлеуметтік мекеме басшыларына халыққа жақын болуды тапсырды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев халықпен кері байланыс орнату бойынша жаңа кезеңді жүзеге асыру керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

​Жылыой ауданында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, әлеуметтік саланы дамыту мәселелері талқыланды.

Жиын барысында Атырау облысының әкімі әлеуметтік мекемелердің басшыларының тұрғындармен кері байланысы дұрыс орнатылмағанына алаңдаушылық білдірді.

​«Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдаған кезде олар мектеп, балабақша директорларының жұмысына, медициналық мекемелердің қызметіне шағымданып жатады. Тұрғындар өз мәселесін басшылармен тікелей шеше алмайды. Бұлай болмауы керек»,-деді Атырау облысының әкімі.

Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, қазір барлық мемлекеттік органдардың басшылары, барлық деңгейдегі әкімдер брифингтерге қатысады, телеарналарда сөйлейді, ақпан айынан бастап әлеуметтік желілерде тікелей эфир арқылы халыққа есеп береді. Соған қарамастан тұрғындармен - ата-аналармен, оқушылармен, спортшылармен, сырқат пациенттермен, зейнеткерлер, мүгедектермен тығыз байланыста жұмыс істейтін барлық ведомстволық бағынышты ұйымдар өз беттерінше қызмет атқарады.

«Мемлекет басшысының халықпен кері байланыс механизмін жолға қою туралы тапсырмасы бары баршаңызға белгілі. Осыған байланысты мен облыстағы бюджет қаражаты есебінен жұмыс істейтін барлық әлеуметтік мекемелердің басшыларына айына бір рет Ашық есік күнін өткізуді тапсырамын»,-деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы Атырау облысындағы барлық әлеуметтік мекемелер үшін бірыңғай Ашық есік күнін өткізу концепциясын дайындауды тапсырды. Айына бір рет өңірдегі барлық елдімекендердегі әлеуметтік мекемелер азаматтармен кездесулері керек және бұл дәстүрге айналуы тиіс. Ол кездесуге барлық ниетті адам қатысуға құқылы.
null

Атырау облысы әкімінің пікірінше, Ашық есік күні аясында аймақ тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарды қоюмен шектелмей, кеңестер алады.

Мектеп, балабақша, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет мекемелерінің қызметіне қатысты ұсыныстарын айта алады, бұл өз кезегінде әлеуметтік мекемелердің алға қарайғы жұмыстарына оң өзгерістер әкеледі.

«Атырау облысының әр тұрғыны аймақтың әлеуметтік дамуына өзі қандай үлес қоса алатынын білуі тиіс»,-деп қорытындылады Нұрлан Ноғаев.

Соңғы жаңалықтар