+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Нұрлан Ноғаев алдағы жылыту маусымының маңызды проблемасын атады

2020 жылғы 23 маусым 12:33
Бөлісіңіз:
Нұрлан Ноғаев алдағы жылыту маусымының маңызды проблемасын атады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үкімет отырысында Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Оның айтуынша, жалпы елде жылу беру кезеңі тұрақты режимде өткен. Қысқы жүктеме максимумы 2020 жылғы 9 қаңтарда белгіленіп, 15 182 МВт-ты құраған. 226 энергия кәсіпорны 2019-2020 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа әзірлік паспортын алған. Әзірлік паспортын алмаған 34 энергия кәсіпорны әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«Мұндай кәсіпорындар үшін жылу беру маусымына дайын болмау салдарынан электр қуатын өшіру қаупі жоғары. Алайда олар тыйымдардың болмауына байланысты өз қызметін әрі қарай жалғастырып жатыр. Айыппұлдардың мөлшері аз болғандықтан, энергетикалық мекемелері жылу беру маусымына дайын болу үшін паспорт алудан бас тартып отыр. Бұл мәселе тұрақты түрде иинистрлікте көтерілуде, бірақ қолдау таппады», — деді Нұрлан Ноғаев.

Министрдің сөзінше алдағы жылыту маусымына дайындық кезінде шешімді қажет ететін маңызды мәселе — отынға кредиторлық берешектің айтарлықтай үлкен көлемі.

«Биылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша энергия өндіруші ұйымдардың «ҚазТрансГаз-Аймақ» АҚ алдындағы берешегі 6,4 млрд теңгені құрайды. Сондай-ақ энергия өндіруші ұйымдардың «Богатырь-Көмір» ЖШС алдындағы жалпы сомасы 3,3 млрд теңгені құрайтын қарызы бар», — деді министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT