Нұрлан Ноғаев ақтаулықтармен кездесті

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев ақтаулықтармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев сұйытылған мұнай газының бағасын төмендетуді талап етіп, көшеге шыққан Ақтау қаласының тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімет таратты.

«Нұрлан Ноғаев жиналғандарға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша сұйытылған мұнай газының бағасын төмендетуге қатысты Үкімет қабылдаған шараларды түсіндірді. Облыстың жанармай стансаларының иелері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бастама көтеріп, газ құнын 120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдады», - деп жазылған әкімдік таратқан ақпаратта.


Ел алдындағы сөзінде Нұрлан Ноғаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанармай стансасы иелерінің баға бойынша сөз ына қатысты тергеуді бастағанын айтқан. Әкім ақтаулықтарды да қоғамдық тәртіпті сақтап, халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төнуіне жол бермеуге шақырды.

Кездесуге Үкіметтің тапсырмасы бойынша құрылған комиссия құрамына кіретін Энергетика министрлігі мен бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өкілдері қатысты.

Айта кетейік, жыл басында сұйытылған газ өндірушілер мұнай өнімдерін электронды сауда арқылы сатуға көшті. Электронды саудаға көшу сұраныс пен ұсыныс негізінде сұйытылған мұнай газының бағасын теңдестіруге және жаңа өндіріс орындарын құруға инвестициялар тартуға да мүмкіндік береді.

Бұған дейін Маңғыстау облысының әкімдігі сұйытылған газ бағасының қымбаттауы туралы пікір білдірді және жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі сұйытылған газ бағасынан басталған парақшасында Жаңаөзендегі жағдайға қатысты жазба жариялаған болатын.

Ал ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты Маңғыстау облысындағы жанармай стансаларының иелері сұйытылған мұнай газының құнын литріне 120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдағанын жазды.


Соңғы жаңалықтар