+7 (701) 759 90 19
USD 387.14 EUR 428.18
RUB 6.06 CNY 55.23
Jańalyqtar

Нұрлан Мәсімов Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды

2019 жылғы 4 қараша 12:43
Бөлісіңіз:
Нұрлан Мәсімов Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Президент Әкімшілігінің және облыс әкімінің келісімі бойынша Мәсімов Нұрлан Мырзаханұлы Павлодар облысының Полиция департаменті бастығы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Олжас Смағұлов ҚР Премьер-Министрінің кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды Ақмола облысы бойынша монополияға қарсы департаментінің басшысы тағайындалды Қазақстандағы апта ішіндегі кадрлық тағайындаулар

Полиция генерал-майоры Әубәкіров Амантай Акрамұлы лауазымынан босатылды, ол қызметін ІІМ-нің орталық оталық аппаратында жалғастырады.

Полиция департаментінің жаңа бастығын жеке құрамға Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды.

Н.М. Мәсімов 1973 жылы туған, ішкі істер органдарында 1999 жылдан бастап қызмет етеді. Басшылық лауазымдардағы тәжірибесі мол.

9 жыл бойы Алматы облысының және Алматы қаласының полиция департаменттері бастығының бірінші орынбасары болып қызмет етті. Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап ІІМ орталық аппаратының Департаментін басқарды.

Қызметін атқару кезеңінде өзін сауатты әрі білікті басшы ретінде көрсете білді.

Сонымен бірге жеке құрамға облыстың Полиция департаменті бастығының орынбасары болып тағайындалған полиция полковнигі Омаров Фархад Мұратбекұлы таныстырылды.

Министр жаңа басшыларды тағайындалуларымен құттықтап, олардың, сондай-ақ облыстық полиция жеке құрамының алдына Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі істер органдарына белгілеген бірқатар нақты міндеттер қойды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, ішкі істер органдарын жаңғырту, бірінші кезекте, қоғамның талаптарына жауап беретін, заманауи қауіп-қатерлер жағдайларында қылмысқа қарсы тиімді іс-қимылға дайын жаңа форматтағы полицияны қалыптастыруға бағытталған», деп атап өтті министр Ерлан Тұрғымбаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT