Нұрлан Ламбеков Приозерск қаласының әкімі қызметіне тағайындалды

Фото: Фото: Қарағанды ​​облысының әкімдігі
ПРИОЗЕРСК. ҚазАқпарат - Приозерск қаласында жаңа әкім таныстырылды. ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша бұл лауазымға Нұрлан Ламбеков тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін ол Осакаров ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Нұрлан Ламбековті Приозерск мәслихатының кезектен тыс сессиясында Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ербол Әліқұлов таныстырды, депутаттар кандидатураны мақұлдады.

Облыс әкімінің орынбасары қаланы дамытудың басым бағыттарын белгілеп, Приозерск қаласының жаңа басшысының алдына бірқатар міндеттер қойды.

Нұрлан Ламбеков еңбек жолын 1983 жылы бастаған. Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданында білім ордаларында физика пәнінің оқытушысынан мектеп директорына дейін көтерілген.

1995 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Қарқаралы ауданы Балықтыкөл ауылы, Қарағайлы кентінің әкімі болды.

2006 жылдан 2012 жылға дейін Қарқаралы ауданы әкімі аппаратының басшысы, Қарқаралы қаласының әкімі, содан кейін Осакаров ауданы әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс істеді.

2012 жылдан бастап осы тағайындауға дейін Осакаров ауданы әкімінің орынбасары болды.


Соңғы жаңалықтар