Нұрлан Қоянбаев Қазақстан Туымен әлемдік рекорд орнатудағы челленджді жалғастыруда

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Белгілі қазақстандық продюсер, актер және тележүргізуші Нұрлан Қоянбаев пікірлер саны бойынша әлемдік рекорд орнату мақсатында Мемлекеттік ту бейнеленген челленджді жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрметті достар! Қазір жалауы бар жарияланым 12,2 миллион пікір жинаған. Біз әлемдік рекордты орнатуға бір қадам жақындадық. Гиннестің рекордтар кітабына ену үшін 100 миллионнан астам пікір жазуға тырысайық. Егер миллионға жуық қазақстандық 100 пікір қалдырса, біздің Мемлекеттік ту әлемдегі ең танымал бейнеге айналады», - деп жазды продюсер Instagram-дағы оқырмандарына.


Соңғы жаңалықтар